← Жаңалықтарға оралу

Оралда «Ұлы дала батырлары» атты ҚР Чемпионаты өтті

Жаңалық суреті

Орал қаласында «Ұлы дала батырлары» атты қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Елішілік байрақты бәсекеге Қазақстанның 18 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған турнир — спортшылар үшін маңызды сынақтардың бірі болды. Өйткені үздіктер Түркия Республикасының Бурса қаласында өтетін Әлем біріншілігіне баруға мүмкіндік беретін негізгі кезеңі болды.

Тартысты додада өңіріміздің спортшылары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Ғабдел Айқын 16-17 жас 48 кг 🥇
Сәлім Малика 16-17 жас 53 кг 🥇
Сүндетбаев Озат 16-17 жас 73 кг 🥉
Исманова Алина 16-17 жас 64 кг 🥉
Балтабай Нұртілек 18-23 жас 67 кг 🥉
Қожахмет Қайрат 18-23 жас +97 кг 🥉
Исмагилов Евгений 18-23 жас +97 кг 🥉

🏆 Жалпыкомандалық есеп қорытындысында:
І орын – Алматы қаласы
ІІ орын – Алматы облысы
ІІІ орын – Маңғыстау облысы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Ел намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды биікте желбірете беріңіздер! ✊

Instagram-дағы жарияланымды көру