← Назад к новостям

«Кубок BATYR TEAM»

Изображение новости

🥋🏆🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Jaiyk Arena» спорт кешенінде Облыстық спорт басқармасы, қоян-қолтық ұрыс федерациясы және төтенше жағдайлары бойынша департаменті қолдауымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай күштік құрылымдар арасында «BATYR TEAM» кубогіна қоян -қолтық ұрыс, гір көтеру және қол күрестен чемпионат өтті. ✊😎 Аталған жарысқа 100-ден астам күштік құрылымдардың жауынгерлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің кәсіби дайындықтары мен жауынгерлік шеберліктерін көрсетті. 🥋🏆🇰🇿🇰🇿🇰🇿Батыс Қазақстан облысы қоян-қолтық ұрыс федерациясының төрешілік корпусымен әділ төрешілік атқарылды. 🥇🥈🥉 Жалпы командалық сайыста бірінші орынды Облыстық полиция департаменті, екінші орынды Төтенше жағдайлар департаменті, үшінші орын ҰҚК шекара қызметі департменті ие болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram