🥋 БҚО спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды!🌍 14–18 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында қоян-қолтық ұрыстан жастар, жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. 🇰🇿 Әлемдік додада Қазақстан құрамасы сапында Батыс Қазақстан облысының спортшылары Қожахмет Қайрат пен Батырғалиев Алихан 97+ келі салмақта сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. 🥈 Қожахмет Қайрат — күміс жүлдегер 🥉 Батырғалиев Әлихан — қола жүлдегер 💪 Жерлестерімізге алдағы уақытта да толағай табыс пен жеңіс тілейміз!