← Хабарламаларға оралу

Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогы Батыс Қазақстан облысында алғаш рет өтті

Хабарламаның суреті

🇰🇿Қазақстан тәуелсіздігінің 32 жылында алғаш рет облысымызда ауқымды әрі тарихи шара — қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Кубогы (12–13 және 14–15 жас санаттары) өтті. Жарысқа Қазақстанның 15 облысынан 200-ден астам спортшы қатысты. ✊😎 Аталған іс-шара Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ Қоян-қолтық ұрыс бойынша Қазақстанның жалпыұлттық қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. ✊ Қазақстан Кубогының ресми ашылу салтанатына қала және облыстық спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ «НАО» басшысы Н. Құрымбаев, облыстық мәслихат депутаты О. Минасян, облыстық ШВСМ директоры А. Шайхиев қатысты. ✊✊ Аталған жарысқа Астана қаласынан қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Ермағамбетов Нұрлыбек Тыштықпаевич арнайы келіп, жарыстың өту барысын толық бақылап, төрешілік барысында туындаған өзекті мәселелерді жедел шешіп отырды. Бас төреші — Батыс Қазақстан облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясының аға жаттықтырушысы Одинцов Николай Васильевич болды. ‼️ Екі күн бойы көрермендер еліміздің әр өңірінен келген спортшылардың тартысты белдесулері мен жоғары шеберлігінің куәсі болды. Нәтижесінде Қазақстан Кубогының ең мықты командалары анықталды. 12–13 жас санатында жалпыкомандалық бірінші орынды Ақтөбе қаласының командасы иеленді, екінші орын Астана командасына бұйырды. Үздік үштікті Жетісу және Қарағанды облыстарының командалары түйіндеді. 14–15 жас санатында Астана командасы үздік деп танылды. Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, үздік үштікке Маңғыстау және Қарағанды облыстарының командалары енді. Біздің құрама жалпыкомандалық есепте 6-орынды иеленді ✊😎